
Насыбайгүл қосылған хош иісті томат тұздығы. Насыбайгүл тұздыққа ерекше итальяндық дәм береді. Бұл тұздық макаронға, пиццаға, лазаньяға және басқа тағамдарға өте жақсы келеді. Оның көмегімен томаттың қанық хош иісі бар дәмді түскі немесе кешкі асты тез әзірлеуге болады.